Қостанай облысында газ-ауа қоспасының жарылысынан әйел адам ауруханаға жеткізілді

Астана. 3 қазан. ҚазТАГ - Қостанай облысында газ-ауа қоспасының жарылысынан әйел адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.
«2 қазанда Қостанай облысы Қарасу ауданы Амангелді ауылында екі пәтерлі бір қабатты үйде газ баллоны жарылған. Газ плитада ас әзірлеп тұрғанда газ баллоны жарылған. Жарылыстың арты өртке ұласпаған. Жарылыс салдарынан күйік шалған 1986 ж.т. әйел ауруханаға жеткізілді» - деп хабарлады бейсенбіде Нұрахметов.
ТЖК ресми өкілдері нақтылағандай, жарылыстың шығуына газ баллонының редукторынан газдың шығуы себеп болуы мүмкін.

adimage