Қостанай облысында медқұралдарды сатып алуға 2018 жылы 2,2 млрд теңге бөлінді

Қостанай. 20 сәуір. ҚазТАГ – Қостанай облысында медқұралдарды сатып алуға 2018 жылы 2,2 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Медициналық және медициналық емес құралдарды сатып алуға 2,2 млрд теңге жұмсалады. Облыстық ауруханаға халыққа кардиологиялық, кардиохирургиялық қызметті көрсету сапасын арттыру мақсатында 340 млн теңгеге  ангиографикалық рентген аппаратын сатып алу жоспарлануда», - деді жұмада Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Еркен Дәуітбаев.
Оның айтуынша, Рудный қалалық ауруханасы үшін бас және мойын түтіктерін скринингтік зерттеуден өткізу мақсатында 2 ультрадыбыстық диагностикалық жүйені 73,4 млн теңгеге сатып алу көзделген.  
«Алайда жоспарланған шараларға қарамастан шешілмеген мәселер әлі де бар. Бүгінде Қостанай облысы бойынша 30 дана рентген аппараты бар, олардың 15 данасы 100% ескірген.  Рентген аппараттарының басым бөлігі 2007 жылға дейін сатып алынған, алайда бүгінде олардың тозығы жеткен. Осы ретте, рентген аппараттарын сатып алу мәселесі шешілмей отыр», - деді Е. Дәуітбаев.

adimage