Қостанай облысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады және күшті жел тұрады

Күні: 15:53, 30-07-2019.

Астана. 30 шілде. ҚазТАГ – 31 шілдеде Қостанай облысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады және күшті жел тұрады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«31 шілдеде Қостанай облысында кей жерлеріңде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде 18 м/с күтіледі. Қостанай қ: таңертең және күндіз 31 шілдеде найзағай күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: