Қостанай облысында қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатқа Т1,4 млрд-қа жуық жұмсамақ

Қостанай. 12 қараша. ҚазТАГ – Қостанай облысында қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатқа Т1,4 млрд-қа жуық жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Жергілікті деңгейде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 жыл - 218 376,6; 2024 жыл - 403 454,2; 2025 жыл - 245 317; 2026 жыл - 252 790; 2027 жыл - 256 345», - деп бюджет жобасында айтылған.

Жалпы сома – Т1 376 282 800.

Мақсаты – басқармаға жүктелген функциялар мен міндеттерді тиімді іске асыру. Өңірдегі экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру үшін жағдай жасау.

«Міндеттер: өзіне жүктелген функцияларды тиімді жүзеге асыру үшін штаттық саны 28 бірліктен тұратын басқарма аппаратының жұмыс істеуін қамтамасыз ету», - деп жобада жазылған.

Фото көзі: pixabay.com


adimage