Қостанай облысында полиция ғимаратына оқ атылды

Алматы. 17 қазан. ҚазТАГ – Меңдіқара ауданы аудан орталығындағы Боровое ауылында белгісіз біреулер жергілікті АІІБ ғимаратына оқ атты, деп хабарлады   Alau.kz.  
«Оқиға 16 қазанда орын алған. белгісіз біреулер көліктен аудандық полиция бөлімінің ғимаратына оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен», - деді Қостанай облысы ІІД-нен.  
Полиция ақпарынша, зардап шеккендер жоқ.  
«Аталмыш дерек СТБТ тіркелді.  Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп атап өтті полиция ведомствосының баспасөз қызметінен.  


adimage