Астана. 2 шілде. ҚазТАГ – Қостанай облысында сәрсенбі күні найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«3 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қостанай қ: 3 шілдеде найзағай, оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
Қостанай облысында сәрсенбі күні найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады
