Қостанай облысында сенбі күні дауылды ескерту жарияланды

Күні: 14:49, 21-06-2019.

Астана. 21 маусым. ҚазТАГ – Қостанай облысында сенбі күні дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«22 маусымда Қостанай облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 18 м/с күтіледі. Түнде кей жерлердінде тұман күтіледі», - делінген жұмада таратылған ауа райы болжамында.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: