Қостанай облысында сенбі күні дауылды ескерту жарияланды

Астана. 24 мамыр. ҚазТАГ – Қостанай облысында сенбі күні дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«25 мамырда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қ: 25 мамырда найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады», - делінген жұмада таратылған дауылды ескертуде.
Синоптиктер дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95% деп болжауда.

adimage