Қостанай облысында сейсенбі күні көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі

Астана. 25 наурыз. ҚазТАГ – Қостанай облысында сейсенбі күні көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«26 наурызда Қостанай облысында кей жерлерде көктайғақ, тұман, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде екпіні 23 м/с дейін жетеді. Қостанайда 26 наурызда оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage