Қостанай облысында су тасқынынан кейін электр желілерін қалпына келтіруге 1,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді

Қостанай. 24 маусым. ҚазТАГ- Қостанай облысында су тасқынынан кейін электр желілерін қалпына келтіруге 1,3 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді, деп хабарлайды үкіметтің баспрасөз қызметі.

«Қостанай облысында ауқымды су тасқыны салдарынан зақымдалған электр желілерін қалпына келтіруге 1,3 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды»,- делінген хабарламада.

Жөндеу жұмыстары Арқалық қаласында, Амангелді және Жангелді аудандарында жүргізіледі. Жалпы, 37 елді мекеннің тұрғындары электр қуатынсыз қалды, 989 тірек зардап шекті.

Бүгінгі таңда барлық ірі елді мекендерде электрмен жабдықтау уақытша схема бойынша қалпына келтірілді.

Фото көзі: Костанайские новости


adimage