Алматы. 3 шілде. ҚазТАГ – Қостанай облысы Әулиекөл ауданының әкімі Асхат Кісіков сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды, деп хабарлады Tobolinfo.
«2 шілдеде сағат 20.00-де Қостанай облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері Әулиекөл ауданының әкіміне қызығушылық танытты. Оны Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке түсінік беру үшін алып кетті. Біздің ақпарымызша, қырық жасар әкім Аманқарағай ОМ құрылысы кезінде пара алған деген күдікке ілінген», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, Кісіковтан басқа сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері «Әулиекөл ауданы әкімдігінің аппарат басшысы Ибрагим Бекмұхамедовке де қызығушылық танытқан».
«320 орындық мектептің құрылысы енді ғана басталғаны белгілі. Бүгінгі таңда құрылыс жүретін алаң дайындалып, мердігер ретінде «Алюминстрой» АҚ анықталды», - делінген хабарда.
Қостанай облысында сыбайлас жемқорлық күдігімен аудандық әкім ұсталды
