Астана. 11 сәуір. КазТАГ - Қостанай көлік прокуратурасы бюджетті 53 млн. теңгеден астам сомаға толықтырды, деп хабарлады бас көлік прокуратрасы (БКП) баспасөз қызметінен.
«Қостанай көлік прокуратурасы талдау барысында мемлекеттік кіріс органдарына өзінің тауар айналымы туралы мәліметтерді ұсынбаған, 53 млн. теңгеден астам салық төлеуден жалтарған 60 кәсіпкерді анықтады», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, осы ретте бизнес субъектілері темір жол көлігімен тасымалдау бойынша қызметтерді пайдалана отырып, салық салынатын тауарларды сатқан.
«Мысалы, облыс кәсіпорындарының бірі салық декларациясында 263 млн. теңге сомасына астық өнімдерін сатқанын көрсетпеген. Нәтижесінде төленуі тиіс корпоративтік табыс салығының сомасы 21,9 млн. теңгені құрады», - деп атап өтті БКП.
Баспасөз қызметінің ақпарынша, прокурорлық қадағалау актісі бойынша кәсіпкерлер өздерінің салықтық міндеттемелерін толық көлемде орындады
Қостанай облысында Т53 млн астам салық төлеуден жалтарған кәсіпкерлер анықталды
