Қостанай облысында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» филиалы депосының бастығы пара алды деген күдікке ілінді

Күні: 18:24, 25-07-2019.

Астана. 25 шілде. ҚазТАГ - Қостанай облысында пара алды деген күдікпен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» филиалы Қостанай жүк тасымалы бөлімшесінің облыстық эксплуатациялық локомотив депосының бастығы ұсталды, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Қостанай облысы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті «ҚТЖ-Жүк тасымалы» филиалы Қостанай жүк тасымалы бөлімшесінің облыстық эксплуатациялық локомотив депосы бастығының пара алу дерегін анықтады. Ол электровоз машинисі арқылы аталмыш депоға жұмысқа орналастырғаны үшін Т300 мың көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Депо бастығы уақытша ұстау изоляторына тоғытылды, оған бұлтартпас шарасын таңдау мәселесі қаралуда», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Агенттік ақпарынша, кінәсін толық мойындауына байланысты делдалға қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.
«Тексеру жалғасуда. Күдіктіге қатысты ақырғы шешімді оның кінәсінің деңгейі анықталғаннан кейін сот шығарады», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: