Қостанай облысында вагондар рельстен шығып кетті

Алматы. 6 қыркүйек. ҚазТАГ – Қостанай облысында вагондар рельстен шығып кетті, деп хабарлады alau.kz.
«Оқиға 6 қыркүйекте Қазанбасы стансасында Әулиекөл ауданында орын алды», - делінген Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарында.  
Екі вагон рельстен шығып кеткен.  
«Қиыршық тас тиеген 53 вагоннан тұратын құрам. Соның салдарынан «Астана-Маңғышлақ» бағытындағы №37 жолаушылар  пойызы кешіктірілді. Зардап шеккендер жоқ», - деді ТЖД-ден.
Жөндеу-қайта қалпына келтіру жұмыстарын Қазанбасы станциясының теміржол қызметкерлері жүргізді.

adimage