Қостанай облысындағы ЖКО салдарынан екі адам мерт болып, үшеуі зардап шекті

Астана. 25 қараша. ҚазТАГ - Қостанай облысындағы ЖКО салдарынан екі адам мерт болып, үшеуі зардап шекті, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.
«Жол апаты бүгін шамамен 11.00-де Қостанай облысы Әулиекөл ауданында болған. Қостанай-Әулиекөл-Сурган тас жолының 79 шақырымында алдын-ала ақпар бойынша, Datsun маркалы көлігінің 23 жасар жүргізушісі рөлін басқара алмай қалып, қарсы жолға шығып кетіп, Honda көлігіне, сосын «ГАЗель» көлігіне соққан. Datsun көлігінің жолаушылары: 1999 жылы туған әйел мен 1973 жылы туған ер адам оқиға орнында қаза тапқан», - деді Ордабай дүйсенбіде.
Оның айтуынша, Datsun көлігінің 1996 жылы туған жүргізушісі, сондай-ақ 1972 жылы туған ер адам мен 2001 жылы туған қыз бала жарақаттанған.
«Зардап шеккендердің үшеуін де Әулиекөл аудандық орталық ауруханасына жеткізген», - деді ұлттық компанияның баспасөз қызметінің басшысы.

adimage