Қостанай облысында өз үйінің ауласында ер адам үсіп өлді

Күні: 13:36, 07-02-2019.

Алматы. 7 ақпан. ҚазТАГ – Қостанай облысында тағы бір адам үсіп өлді, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған өңірлік «Алау» порталынан.
«Қайғылы оқиға 6 ақпанда Меңдіқара ауданында орын алған. Ер адам өз үйінің ауласында үсіп өлді. Ведомство ақпарынша, ол ішімдік ішкен», - деп жазады БАҚ.
Сондай-ақ, хабарланғандай, тағы бір үсіп қалу жағдайы Жітіқарада орын алған.
«Ер адамның саусақтары үсіп кеткен. Ауруханаға жатудан бас тартқан», - деп хабарлады басқармадан.
Еске салсақ, бұған дейін хабарланғандай, Қостанай облысының екі ауданында екі әйел үсіп қалған болатын.
«Қазгидромет» РМК ақпарынша, бейсенбі күні Қостанай облысында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз -20-25, түнде -30-35.


Жаңалықтармен бөлісу: