Қостанай облысында жүкті әйел боранда жол талғамайтын көлікпен перзентханаға жеткізілді

Күні: 18:22, 06-02-2019.

Астана. 6 ақпан. ҚазТАГ – Қостанай облысында жүкті әйел боранда жол талғамайтын көлікпен перзентханаға жеткізілді, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен.
«5 ақпанда сағат 21.00-де «112» кезекші бөліміне Арқалық қаласынан 120 шақырым қашықтықтағы Екідін ауылында жүкті әйелді шұғыл түрде ауруханаға жеткізу керектігі туралы хабар келіп түсті. Құтқарушылар (…) Арқалық қаласынан 110 шақырым жүріп келіп, Жаңақала ауылында жедел жәрдем бригадасын кезіктірді, оның салонында жүкті әйел, оның күйеуі және медициналық қызметкер болған. Жүкті әйел мен қасындағыларды жол талғамайтын көлікке отырғызып, Арқалықтағы перзентханаға сәтті жеткізді», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Құтқарушылар нақтылағандай, эвакуация кезінде «Нива Марш – БРОНТО» жол талғамайтын көлігі пайдаланылған.


Жаңалықтармен бөлісу: