Қостанай облысында жұмыртқа бағасынан кейін шемішкі майының да бағасы белгіленді

Қостанай. 20 сәуір. ҚазТАГ – Қостанай облысында жұмыртқа бағасынан кейін шемішкі майының да бағасы белгіленді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бағаларын қайта қарау мүмкіндігін 15 күнтізбелік күннен бұрын емес, 90 күнтізбелік күннен көп емес мерзімге әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің шекті бөлшек саудадағы бағалары келесідей бекітілсін: 1) тауық жұмыртқасы (I санат) – он данасы Т350; 2) шемішкі май – 1 литрі Т601», - делінген Қостанай облысы әкімдігінің жаңа қаулысында.
Еске салсақ, 10 сәуірде ҚазТАГ Қостанай облысында жұмыртқаның шекті бағасын Т350 деңгейінде бекіткенін хабарлаған еді. Бұған дейін Қазақстанның басқа өңірлерінде осындай шаралар қабылданған еді.

adimage