Алматы. 10 қыркүйек. ҚазТАГ - Қостанай облысында жанармай құю бекетінің жанынан нәресте табылды, деп хабарлады alau.kz.
«Оқиға 9 қыркүйекте Рудныйда орын алды. (…) Сағат 22.33-те жедел жәрдем дәрігерлері келіп жеткенде (Сандригайло көшесі, Қазмұнайгаз АҚС ағаштардың түбінде – ҚазТАГ) жаңа туылған қыз бала табылды. Салмағы шамамен 3 кг, бойы 50-52 см. Кіндігі өңделген. Туылғаннан кейінгі пвевмония анықталды», - деп хабарлады Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасы қоғаммен байланыс жөніндегі менеджер Ксения Жылқыбаева дүйсенбіде.
Оның айтуынша, жаңа туылған нәресте Рудныйдағы перинаталды орталықтың жалпы бөлімшесіне жеткізілген. Жағдайы бірқалыпты.
Қостанай облысында жанармай құю бекетінің жанынан нәресте табылды
