Алматы. 5 желтоқсан. ҚазТАГ - Қостанай облысында ЖКО-да алты адам зардап шекті, деп хабарлады «Алау».
«4 қаңтарда шамамен 17.30-да Қарабұтақ-Қостанай көлік жолының 84 шақырымында екі көліктің соқтығысуынан жол-көлік оқиғасы болды. Nissan Teana көлігінің жүргізушісі рөлін игере алмай қалып, қарсы жолға шығып кеткен, сөйтіп Porsche Cayenne маркалы көлігімен соқтығысқан. ЖКО салдарынан алты адам ауруханаға түсті, екеуі Nissan Teana көлігінікі, төртеуі Porsche Cayenne көлігінікі», - деп хабарлады облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
ЖКО дерегі бойынша, Таран полиция бөлімінің қызметкерлері тергеу амалдарын бастады.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51