Қостанай облысының тұрғынынан 100-ге жуық киік мүйізі табылды

Қостанай. 15 маусым. ҚазТАГ- Амангелді ауданының 46 жастағы тұрғынында киіктің 96 мүйізі табылды, деп хабарлайды Қостанай облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі.
"Тәртіп сақшылары ер адамның сөмкесінен киіктің 96 мүйізін тапты. Тәркіленгендердің салмағы 15 кг - нан асты", - делінген сейсенбідегі хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы (сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптамалар тағайындалды. 46 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

adimage