Қостанай облысының тағы үш ауылында құс тұмауы салдарынан карантин енгізілді

Қостанай. 1 қазан. ҚазТАГ – Қостанай облысының тағы үш ауылында құс тұмауы салдарынан карантин енгізілді, деп хабарлады «Костанайские новости».
«Құс тұмауы Родина ауылындағы «Агроинтерптица» ЖШС құс фабрикасында расталып отыр. Қазақстан Жұмыртқа өндірушілері қауымдастығының президенті Максим Божконың Facebook-тегі ақпарынша бұл жерде 500 мыңнан астам тауық қырылған. Арнайы комиссия жұмыс жасап жатыр. Фабрика маңына блокбекеттер қойылған. Енді фабриканы ғана емес басқаларды да карантинге жабу туралы қаулы дайындалуда. Құс тұмауы жақын маңдағы Фурманов ауылындағы үйлерде де расталған. Құстардың қырылуы Целинныйда да орын алған, алайда талдау нәтижелері әлі келген жоқ», - деді бейсенбі күні Қостанай облысы ветеринария басқармасының басшысы Самат Қалиев.
Хабарда нақтыланғандай,алдағы уақытта Қарабалық ауданы Михайловка ауылы да карантинге жабылады. Бұл жерде 100-ден астам құс қырылып қалған. Ауылды периметрі бойынша бетон плиталармен қоршауда.

adimage