Қостанай-Сарыкөл тас жолында екі шетелдік көлік соқтығысып, екі адам мерт болды, үшеуі зардап шекті

Күні: 14:59, 24-07-2019.

Алматы. 24 шілде. ҚазТАГ - Қостанай-Сарыкөл тас жолында екі шетелдік көлік соқтығысып, екі адам мерт болды, үшеуі зардап шекті, деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«23 шілдеде шамамен 18.00-де Қостанай-Сарыкөл тас жолының 10 шақырымында екі көліктің соқтығысуымен (Volkswagen Golf пен Mazda –ҚазТАГ) жол-көлік оқиғасы орын алды. (…) ЖКО салдарынан Mazda жүргізушісі алған дене жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды. Mazda көлігінің төрт жолаушысы түрлі жарақаттарымен облыстық ауруханаға түсті. 41 жасар жолаушысы ауруханада жан тапсырды. Атламыш дерек бойынша тергеу амалдары басталды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Полиция ақпарынша, Volkswagen Golf көлігінің 65 жасар жүргізушісі Қостанайға кетіп бара жатып, қарсы жолға шығып кетіп (рөлде ұйықтап кеткен болуы мүмкін), 53 жасар жүргізуші айдап келе жатқан Mazda маркалы көлігіне соққан.


Жаңалықтармен бөлісу: