Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында көктайғақ пен бұрқасын күтіледі

Астана. 1 қараша. ҚазТАГ – Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында көктайғақ пен бұрқасын күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«2 қарашада тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман, оңтүстік-батыстан жел 15-20 м/с күтіледі. 2 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы бойынша оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.  
Петропавл қ: 2 қарашада оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. Көктайғақ болады.
2-4 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, күндіз 2 қарашада, түнде 3 қарашада екпіні 25 м/с күшейеді. Астана қ.: 2 қарашада жаяу бұрқасын күтіледі. 2 қарашада күндіз, 3 қарашада тәулік бойы оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күшейеді. 3-4 қарашада көктайғақ күтіледі.

adimage