Астана. 17 қыркүйек. ҚазТАГ – Қостанай әуежайы республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берілді, деп хабарлады ҚР «Әділет» нормативті-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйе сайтынан.
«Қостанай халықаралық әуежайы» АҚ мемлекеттік пакет акцияларының 100% көлемі республикалық меншіктен коммуналдық меншікке бекітілген заң тәртібінде берілсін», - делінген 12 қыркүйектегі №561 ҚР үкіметінің қаулысында.
Сондай-ақ, ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитетіне Қостанай облысының әкімдігімен бірге бекітілген заңнама тәртібімен осы қаулыдан шығатын қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.
Қостанай әуежайы республикалық меншіктен коммуналдық меншікке берілді
