Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсыновтың есімі берілді

Қостанай. 28 маусым. ҚазТАГ - Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсыновтың есімі берілді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қостанай халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Ахмет Байтұрсынұлы есімі берілсін», - делінген үкіметтің қаулысында.
Құжатта қол қоюшы ретінде Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смаилов көрсетілген.

adimage