Қостанай және Ақтөбе облыстарында сейсенбіде бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі

Күні: 18:58, 21-01-2019.

Астана. 21 қаңтар. ҚазТАГ - Қостанай және Ақтөбе облыстарында сейсенбіде бұрқасын, тұман және көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндіз 22 қаңтарда Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел тұрады. 22 қаңтарда күндіз Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ. Күндіз кей жерлерде төменнен сырма соғады, оңтүстіктен 15-20 м/с жел тұрады», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: