Алматы. 24 сәуір. ҚазТАГ – Қостанай және Маңғыстау облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Сонымен, 25 сәуірде Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсуі және күн күркіреуі мүмкін.
«25 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде, күндіз кей уақытта 15-20 м/с күтіледі. Түнде 26-27 сәуірде кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз 26 сәуірде кей жерлерінде найзағай болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, кей жерлерінде 25 м/с күтіледі. Қостанай қ: күндіз 25 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. 26-27 сәуірде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, 25 сәуірде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақтау қ.: 25 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.
Қостанай және Маңғыстау облыстарында дауылды ескерту жарияланды
