Қостанай және Маңғыстау облыстарында сәрсенбіде дауылды ескерту жарияланды

Астана. 20 тамыз. ҚазТАГ – Қостанай және Маңғыстау облыстарында сәрсенбіде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«21 тамызда Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай қ: 21 тамызда найзағай, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«Күндіз 21 тамызда Маңғыстау облысында кей жерлерде +38 қатты ыстық күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - деп хабарлады синоптиктер.

adimage