Астана. 3 сәуір. ҚазТАГ – Қостанай және Түркістан облыстарында бейсенбі күні күн күркірейді, тұман және қатты жел тұрады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«4 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Қостанай қ: 4 сәуірде жел оңтүстік-батыстан соғады 15-20 м/с», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сондай-ақ, 4 сәуірде Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Шымкент қ.: 4 сәуірде түнде және күннің соңында найзағай, түнде оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Түркістан қ.: 4 сәуірде түнде найзағай, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
Қостанай және Түркістан облыстарында бейсенбі күні күн күркірейді, тұман және қатты жел тұрады
