Қостанай және Қызылорда облыстарында күн күркіреп, жел күшейеді

Күні: 17:47, 20-09-2018.

Астана. 20 қыркүйек. ҚазТАГ – Қостанай және Қызылорда облыстарында күн күркіреп, жел күшейеді, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«21 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.  
Синоптиктер дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95% деп болжауда.
«20-21 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, батыс, оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23-28 м/с жел сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: