Қостанай және Қызылорда облыстарында желдің күшеюі күтіледі

Астана. 26 қыркүйек. ҚазТАГ – Бейсенбіде Қостанай және Қызылорда облыстарында желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«27 қыркүйекте тәулік бойы Қостанай облысының оңтүстік-батысынан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.  
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.
«27-29 қыркүйекте Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан 15-20 м/с, 28 қыркүйекте екпіні 23-28 м/с жел сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%», - делінген хабарда.

adimage