Қостанай және Жамбыл облыстарында қатты жел, тұман және көктайғақ салдарынан дауылды ескерту жарияланды

Күні: 15:49, 14-01-2019.

Астана. 14 қаңтар. ҚазТАГ - Қостанай және Жамбыл облыстарында қатты жел, тұман және көктайғақ салдарынан дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алдағы сағаттарда және 14 қаңтар күні Қостанай облысында кей жерлерде көктайғақ күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Сондай-ақ, хабарланғандай, 15-16 қаңтарда Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан, батыстан, кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, күндіз 15, түнде 16 қаңтарда – екпіні 23-28 м/с болады, кей жерлерде тұман, көктайғақ.
«Таразда 15-і күндіз, 16-сы түнде оңтүстік-батыстан, батыстан, екпіні 15-20 м/с жел тұрады, кейде 23 м/с болады. Кейде тұман», - деп атап өтті синоптиктер.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: