Қостанайда қаржыландырудың болмауы салдарынан АӘК төлеу кешіктірілуде

Алматы. 29 қараша. ҚазТАГ – Қостанайда қаржыландырудың болмауы салдарынан атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) төлеу кешіктірілуде, деп хабарлады Tobolinfo.
«Әзірге қаржыландыру түспеді, дегенмен біз тағайындап қойдық. Ақша түскен бойдан, ал ол өте үлкен сома, алушыларға аударамыз», - деді Қостанай әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Лаура Исабаева.
Ереже бойынша, АӘК алушылардың картасына әр айдың 10-нан кешікпей түсуі керек.
«Ақша жоқ, желтоқсанның соңына дейін күтіңдер дейді. Қазан айынікін желтоқсанда! Аналар бұған байланысты алаңдауды бастады», - деген әлеуметтік желіде қала тұрғынының бірі.
Әкімдікте АӘК төленетін нақты күнді дәл айта алмады.
«Бізде адамдар, әрине, ақша кешіктірілсе ашулана бастайды, алайда уайымдаудың қажеті жоқ, олар өздеріне тиесіліні алады. Ақшаның нақты қай күні түсетінін біз білмейміз, алайда қарызды жаңа жылға дейін жабамыз, қаңтарға қалмайды», - деді Исабаева.

adimage