Алматы. 30 желтоқсан. ҚазТАГ – Қостанайда ашық құдыққа бала құлап кеткеннен кейін полиция тергеуді бастады, деп хабарлады «Алау».
«Ашық құдыққа баланың құлауына байланысты ҚР ҚК 279 бабы 1 бөлімі (Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қағидаларды немесе нормативтердің талаптарын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінен.
Еске салсақ, 26 желтоқсанда алты жасар бала Қостанайда Гоголь мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында ашық құдыққа түсіп кеткен. Берік Игіліковтың – зардап шеккен баланың әкесінің айтуынша, құдықтың қақпағы ашық болған, бірақ бетін қар жауып тастаған, міне сол себепті ол білінбеген. Бала арқасымен бетонға құлап, тілін тістеп қалған және шынтағы жараланған, бірақ ауыр жарақат алмаған.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08