Қостанайда есірткі сатуды насихаттаған көлік сату сайтын сот бұғаттады

Алматы. 17 сәуір. ҚазТАГ – Қостанайда есірткі сатуды насихаттаған көлік сату сайтын сот бұғаттады, деп хабарлады «Алау».
«Аталған сайттың іс-әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына тікелей қайшы келетіндігіне, сонымен қатар, азаматтардың денсаулығына қауіп төндіретініне байланысты, сот Қостанай қаласы прокурорының аталған сайтты заңсыз деп тану негізіндегі арызын қанағаттандырды. Сот көлік сату сайтының қызметін тоқтату және ҚР аумағында таралуына тыйым салу туралы шешім шығарды», - деп хабарлады сәрсебіде Қостанай қалалық сотынан.
Хабарда атап өтілгендей, прокурордың талабы сайтта есірткі, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын сату тәсілі, әзірлеу әдісі, дайындау, пайдалану және тыйым салынған заттарды сатып алу орындары ашық насихатталатынына, оған ҚР аумағындағы барлық интернет қолданушыларының еркін қол жеткізу мүмкіндігі бар екеніне негізделген.

adimage