Алматы. 7 тамыз. ҚазТАГ – Қостанайда көп балалы аналарды Нұр-Сұлтанда жиынға қатысуға үгіттеген «Әйелдер әлемі»(«Мир матерей») қоғамдық бірлестігінің белсендісін соттады, деп хабарлады Tobolinfo.
«Латифа Жұмаш ҚР заңнамасының 488 бабы 3 бөлімі бойынша (Қазақстан Республикасының бейбіт жиындар, митинг, шеру, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдасытур және өткізу тәртібі туралы заңнамасын бұзу) айыпты деп танылсын және 50 АЕК көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалсын», - деді үкімді оқыған әкімшілік соттың судьясы Әсемгүл Әмерғалиева.
Хабарда атап өтілгендей, Жұмаш соңғы кездері Қостанайдағы көп балалы, аз қамтылған және жалғызбасты аналармен белсенді түрде жұмыс жасауда.
«Ол үшін WhatsApp-та топ ашқан. Үндеуінің тақырыбы – несие мен өсімпұлды алып тастау», - делінген хабарда.
Сотқа оған қатысты толтырылған хаттама негізінде шақырылған.
«Іс материалы бойынша әйел көп балалы аналарды Нұр-Сұлтанға барып, бас прокуратура мен Жоғары сот жанындағы жиналыстарға қатысуға шақырған, ол үшін топта қостанайлық әйелдерді аталмыш шараға қатысуға шақырған. Латифа Жұмаштың өзі сотта дауласуға тырысып, тіпті сотқа әйелдермен болған әңгімелерін көрсетпек болғанмен, сот бәрібір құқықбұзушылық құрамы бар деп шешті», - делінген хабарда.
Көп балалы аналардың азаматтық акцияларға қатысуы Астанада 4 ақпанға қараған түні Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында бөлек орналасқан уақытша жайдан өрт шыққаннан кейін жиілеп кеткен. Өртті сөндіру барысында бес баланың мәйіті табылған: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туылған. Құтқарушылар нақтылағандай, ата-аналар ол кезде жұмыста болған. Көптеген қазақстандықтың пікірінше, егер елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай түнгі ауысымдағы жұмысқа бару үшін балаларын қараусыз қалдыруға тура келмейтіндей жағдай жасаса ғана қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді.
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде азаматтардың жұмысқа орналастыру және жалақыларын көтеру туралы жаппай талап қоюы, сондай-ақ ірі қалалардағы, соның ішінде Астана мен Алматыдағы көп балалы аналардың митинг өткізуі халықтың көңілі толмаушылықтың нәтижесі болып отыр.
.
Қостанайда көп балалы аналарды Нұр-Сұлтанда жиынға қатысуға үгіттеген әйел сотталды
