Қостанайда мемкорпорация топ-менеджері Range Rover көлігінің шинасы түрінде пара алу күдігіне ілікті

Астана. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы директорының орынбасары Range Rover көлігінің шинасы түрінде пара алған деген күдікке ілінді, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен.
«Қостанай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аталған облыстың «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ филиалы директорының орынбасарына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол мемлекеттік қызметтерді алуды жеделдетуге жағдай жасағаны үшін заңды тұлғаның өкілінен «Range Rover» автокөлігінің 180 мың теңге тұратын қысқы шиналар жиынтығы түрінде пара алды деп күдіктелуде», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Тергеу, шиналар «мемлекеттік қызмет алуды жеделдетуге ықпал ету үшін» берілген-мыс деп санайды.

adimage