Қостанайда микроқаржы мекемесінің кеңсесіне шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Алматы. 19 наурыз. ҚазТАГ – Қостанайда микроқаржы мекемесінің кеңсесіне (ММК) шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметінен.
«15 наурызда орын алған микроқаржы мекемесіне жасалған шабуыл бойынша полицейлер бұрын сотты болған 39 жасар жергілікті тұрғынды ұстады. Ол қылмысты жасағанын мойындады», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Еске салсақ, шабуыл 15 наурызда түнге қарай болған. Күдіктінің куәлік беруі бойынша – ММК менеджерінің тамағына шабуылдаушы пышақ қадап, сейфтегі ақшаны беруді талап еткен. Ақшасын алған күдікті қаскөй қаржылық мекеме орналасқан кеңсе ғимаратынан кетіп қалған. Кейін әйел бейнебақылау камерасынан күдіктіні таныған. Бұзақы Т183 мыңды алып кеткен екен.

adimage