Қостанайда қоқыс контейнеріне жаңа туған нәрестені тастап кеткен күдікті белгілі болды

Алматы. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – Қостанайда қоқыс контейнеріне жаңа туған нәрестені тастап кеткен күдікті белгілі болды, деп хабарлады «Алау».
«Қостанайдың полиция басқармасы жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 26 жасар Қостанай тұрғынын анықтады. Қазіргі таңда ҚР ҚК 100 бабы бойынша (анасының жаңа туған нәрестені өлтіруі) сотқа дейінгі тергеу амалдарының бірыңғай тізілімінде тіркелген қылмысты тергеу амалдары жалғасуда. Сараптама тағайындалды», - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінен бейсенбі күні.
Еске салсақ, 2019 жылдың 23 қарашасында Қостанайда «102» тетігіне Әуежай ықшамауданында қоқыс контейнерлерінің бірінен жаңа туған шақалақтың денесінің табылғандығы туралы хабар келіп түскен. Хабарда айтылғандай, нәрестені тексерген дәрігерлердің оның қатты салқын тиюден шетінеп кеткенін айтқан. Сәбидің өлімі туралы іс Қостанай облысы полиция департаменті мен прокуратура басшысының бақылауына алынды.

adimage