Қостанайда құрылыс краны құлап, жұмысшы қаза тапты

   Қостанай.30 қараша.ҚазТАГ- Қостанайда құрылыс краны құлап, жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды «Наш Костанай».
   «30 қарашада сағат 12:50- де Шаяхметов көшесіндегі салынып жатқан нысанда кран құлады, салонда 49 жастағы ер адам болған, ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды»,- деп хабарлады полиция департаментінде.
    Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 277-бабы 2-бөлігі "Адам өліміне әкеп соқтырған тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша соталды тергеу басталды.
   Кранның құлау себебі анықталып жатыр.

adimage