Қостанай. 6 ақпан. ҚазТАГ – Қостанай облысында шайбалы хоккейден облыстық кұраманы жарыстарға дайындау және қатыстыруды қамтамасыз ету бойынша қызметтерге Т708 млн жұмсауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Тапсырыс беруші – «Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ; атауы - спорттық клубтардың қызмет көрсетулері; қосымша сипаттамасы - шайбалы хоккей бойынша облыс құрама командаларын республикалық жарыстарға ұйымдастыру және өткізу бойынша оқу-жаттығу процесіне қатысуын және дайындауын қамтамасыз ету бойынша қызметтер, белгілі бір жарысты өткізу регламентінде (2025 жылы); саны - бір; өлшем бірлік - бір қызмет; жоспарлы сома - Т708 214 285,71», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 10 ақпан мен 17 ақпан аралығында өтеді.
«Шайбалы хоккей бойынша облыстық команданың негізгі және жастар құрамын ұйымдастыру және дайындау және олардың 2025 жылы шайбалы хоккейден республикалық жарыстарға қатысуын қамтамасыз ету. Мақсаты: ҚР чемпионатында Қостанай облысының негізгі және жастар командаларын таныстыру (Pro Hokei Ligasy және Jastar hokei Ligasy). Міндеттері: ҚР чемпионаттарына қатысушы командалардың дайындығын және қатысуын қамтамасыз ету. Жобаны іске асыру мерзімі: 2025 жыл ішінде», - деп қызметтердің техникалық ерекшелігінде жазылған.
Қостанайда шайбалы хоккейден облыстық кұраманы жарыстарға қатыстыруға Т708 млн жұмсауды жоспарлап отыр
