Қостанайда шетел көлігі екі кәмелетке толмаған баланы қағып кетті

Алматы. 11 сәуір. ҚазТАГ - Қостанайда шетел көлігі екі кәмелетке толмаған баланы қағып кетті, деп хабарлады «Наша газета».
«Екі қыз балада да сынықтар, бас-ми жарақаты бар. Олар Қостанайдағы балалар облыстық ауруханасына орташа ауыр жағдайда жеткізілген», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
Хабарда нақтыланғандай, ЖКО туралы хабар полицияға 10 сәуір күні сағат 15:35-те түскен. Mazda көлігінің жүргізушісі Қостанайда Абай даңғылымен автовокзалға қарай кетіп бара жатып, физико-математикалық лицей жанында 2007 ж.т. екі қыз баланы қағып кеткен.
«Жүргізушісі оқиға орнынан бой тасаламаған. Қазір оны полиция қызметкерлері тергеп жатыр», - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.
Куәгерлердің айтуынша, ЖКО жаяу жүргіншілер жолында орын алған.

adimage