Алматы. 5 ақпан. ҚазТАГ – Cу құбырындағы апат салдарынан 10-нан астам жеке және көпқабатты үйлер салқын сусыз қалды, деп жазады «Наш Костанай» басылымы
БАҚ ақпарынша, «Қостанай-Су» МҚК балансындағы диаметрі 300 мм болатын су құбырының апатты жағдайы Хәкімжанова көшесінде орын алған.
«Апатты жағдайдың қатты аяз кезінде болғанын ескере отырып, ал бұл құрылғының толықтай қатып қалуына әкелуі мүмкін, біз дереу апатты жоюға кірістік. Қазір ТЖ орнында қажетті техникамен, соның ішінде саңылау тілгішпен жабдықталған кезекші бригада жұмыс жасап жатыр. Қажет болған жағдайда апатты толық жойғанға дейін тәулік бойғы режиммен жұмыс жасайтын боламыз», -деп хабарлады «Қостанай-Су» МҚК бас инженері Виталий Панаетов.
Қостанайда су құбырында үлкен апат орын алды
