Қостанайда тұрғын үй кешеніндегі ТЖ салдарынан жеті адам қирандылар астында қалған

Қостанай. 11 желтоқсан. ҚазТАГ – Қостанайда тұрғын үй кешеніндегі ТЖ салдарынан жеті адам қирандылар астында қалған, деп хабарлады «Наша Газета».
«Амангелді тұрғын үй кешеніндегі ТЖ салдарынан жеті адам қирандылар астында қалды. Оқиға бүгін, 11 желтоқсанда, сағат 12:36 шамасында Энергетиктер көшесі, 1 мекенжайында орын алды (бұрынғы Красный партизан)», – делінген хабарда.
ТЖД алдын-ала ақпары бойынша, газ-ауа қоспасының жарылысы болған, бір қабатты ғимарат құлаған.
Белгілі болғандай, оқиға орнында жедел штаб құрылған.

adimage