Алматы. 27 қыркүйек. ҚазТАГ – Қостанайда табиғи газдан екі зейнеткер уланып, көз жұмды, деп хабарлады Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
«Қостанайда Абай даңғылы бойындағы жеке тұрғын үйде табиғи газдан уланып (алдын-ала себебі), 1939 және 1938 жылы туылған екі зейнеткер қайтыс болды», - деп хабарлады жұма күні өңірдегі ТЖД.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қостанайда табиғи газдан екі зейнеткер уланып, көз жұмды
