Алматы. 22 тамыз. ҚазТАГ - Қостанайда «Тальго» пойызында зорлау оқиғасына қатысты сот үкімінің күші жойылды, деп хабарлайды «Алау».
«Сот «Тальгодағы» жолаушыны зорлау ісі бойынша аппеляциялық шағымды қарады». (...) Іс прокуратура органдарына қосымша тергеу үшін қайтарылды. Қостанай қаласының №2 сотында барлық дәлелдемелер зерттелген жоқ. Басқарма бірінші сатыдағы үкімнің күшін жойды», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Еске салайық, 2018 жылдың қараша айында Нұр-Сұлтаннан Ақтөбеге бара жатқан «Тальго» пойызының жолаушысы жолда зорланғандығы белгілі болды. Әйел ғылыми конференциядан қайтып келе жатқанда, өзі отырған пойыздың купесінде екі жолсерік оған шабуыл жасап, оны ұрып-соғып, зорлаған. Бұл іс көпшіліктің наразылығын тудырды, содан кейін екі жолсерік те жұмыстан шеттетіліп, кейін қамауға алынды.
«Немолчиkz» қозғалысының белсендісі Дина Смаилова жәбірленушіні қудалау туралы айтты. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстандағы барлық бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс поштасына жаппай хабарлама жіберіп, «Тальго» ісіндегі жәбірленушінің суреттерімен, оны ашық масқаралап, олар ашық жала жапты, фотосуретке жәбірленушінің аты-жөні жазылды.
26 шілдеде Қостанайдағы сот екі жолсерікке қатысты - Қолқанат Құрманияз мен Жетес Үмбетәлиевке айыптау үкімін шығарып, әрқайсысы екі жыл алты айға соттады. Сонымен бірге, Смаилова түсіндіргендей, Құрманиязға судья жазаны өтеу мерзімін екі жыл және үш айға дейін қысқартты, мұны оның үш айға үй қамауында болғандығын ескеріп, яғни оны жазаны өтеу мерзімі деп санады. Судьяның шешімі көпшіліктің наразылығын тудырды.
Зорлау ісінен кейін «Жолаушылар тасымалы» сервистік персонал қызметкерлері арасында кезектен тыс аттестация жүргізуді жоспарлауда, деп хабарлады АҚ баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жұмыс берушінің бастамасы бойынша көрсетілген пойыз жолсеріктермен еңбек қатынасы үзілді. (...) Сонымен қатар, моральдық-этикалық нормалары басым фактор болып табылатын құзіретті мамандардың қатысумен сервистік персонал қызметкерлерін кезектен тыс аттестациялау жоспарланған», - деп хабарлады жұма күні Нұр Сұлтан-Нұрлы жол – Ақтөбе» бағытындағы №97/98 жолаушылар пойызында болған зорлау оқиғасы бойынша резонансты іске қатысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ, аталған оқиға орын алған сәттен бастап осындай оқиғаларға жол берілмеу керектігі бойынша Компанияның барлық қызметкерлерімен нұсқаулықтар өткізілді.
«Қызметкерлердің медициналық тексерістен өтуіне, соның ішінде психологтар мен нарколог-дәрігерлердің қорытындыларын алуына қосымша тексерістер жүргізілді. Компанияда 2020 жылы жұмысы басталатын жолсеріктер үшін психолог кабинеттерін ашу мәселесі пысықталған», - делінген хабарда.
28 шілдеде Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуроры Ернат Сыбанканкулов «Талгодағы» зорлау туралы соттың үкімі заңды және негізділікте қаралып жатқанын мәлімдеді, ал 29 шілдеде «басты көлік прокуратурасы соттың үкімін қарады (...), нәтижесінде Қостанай көлік прокуратурасы сотөа шағым түсіріп, үкімді өзгерту және сотталғандарға қатысты қатаң жаза қолдануды талап етті.
Бұған дейін «Құрманиязов Қолқанатқа 2,5 жыл, Жетес Үмбеталиевке 2,3 жыл! «Тальгодағы» зорлау ісі – Қазақстан үшін масқара!»,- деп жазған еді әлеуметтік желідегі парақшасында «Немолчиkz» қозғалысының белсендісі Дина Смаилова.
Зорлау туралы 2018 жылдың қарашасында белгілі болды. Зардап шегуші ғылыми конференциядан қайтып келе жатқан, пойыз купесінде ол жалғыз болған, сол кезде оған екі жолсерік тиісіп, соққыға жығып, зорлаған. Бұл іс қоғамдық резонанс тудырып, екі жолсерік жұмыстарынан шеттетіліп, кейін қамауға алынды.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34