Қостанайдағы әуежай жаз мезгілінің басында жабылады

Астана. 22 ақпан. ҚазТАГ – Жөндеу жұмыстарына байланысты Қостанайдағы әуежай 1 маусымнан басталып, 15 қыркүйекке дейін жабылады, деп хабарлады азаматтық авиация комитетінен.
«Бүгінгі таңда жермен жүру жолдары перронында ұсақ- және ірі түйірлі асфальтбетонды қоспа төселді. Ұшу-қону жолағын жөндеу бойынша жұмыстар 1 маусымда басталып, 15 қыркүйекте аяқталады деп жоспарлануда. Осы уақыт ішінде Қостанай әуежайы жабық болады», - деп келтірілген «Қазақжолқұрылысы» компаниясының директоры Михаил Бабхоевтың сөзі баспасөз-парақшасында.
Оның ақпарынша қазір жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жүзден астам жол-құрылыс техникасы мен 178 адам жұмылдырылған.
«Сонымен қатар, әуежайдың жолаушылар терминалын қайта жөндеу жұмыстары да жоспарланған», - делінген жұмадағы хабарда

adimage