Қостанайда жеңіл көліктің «КамАЗ»-бен соқтығысуынан бір адам мерт болды, тағы бірі зардап шекті

Күні: 17:19, 01-11-2018.

Алматы. 1 қараша. ҚазТАГ - Қостанайда жеңіл көліктің «КамАЗ»-бен соқтығысуынан бір адам мерт болды, тағы бірі зардап шекті, деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.  
«1 қарашада шамамен сағат 02.30-да Қостанайда Киевская көшесінде «ВАЗ-2114» көлігін басқарып келе жатқан  22 жасар ер адам Алтынсарин ауданының 29 жасар тұрғыны басқарып келе жатқан «КамАЗ» көлігімен соқтығысқан. ЖКО салдарынан «ВАЗ» жүргізушісі алған жарақататрынан оқиға орнында көз жұмды. Жолаушысы қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді», - деп хабарлады бейсенбіде Қостанай облысы ЖП баспасөз қызметінен.  
Полицияда атап өткендей, ҚР ҚК 345 б. 3б. (жол қозғалысы ережесін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.  


Жаңалықтармен бөлісу: