Қостанайлық шенеуніктер 37 млн теңге бюджет қаражатын ұрлау күдігіне ілікті

Қостанай. 9 сәуір. ҚазТАГ – Қостанай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының лауазымды тұлғалары 37 млн теңге бюджет қаражатын ұрлау күдігіне ілікті, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен.
«Қостанай облыстық департаменті облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының лауазымды тұлғаларына, сондай-ақ, Жітіқара және Жангелдин аудандары әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы бөлімдерінің бас мамандарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Олар Т37 млн астам мемлекеттік субсидияны жымқырған деп күдіктелуде», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Тергеу мәлімдегендей, олар жайылым және мал шаруашылығын сумен қамтамасыз ету бойынша шаруа қожалықтарының іс жүзінде орындамаған жұмыстарын растау арқылы қомақты қаржыны жымқырған.

adimage